15:54
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыздың мағынасы

Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың ал- ғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шық-қан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл та-биғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?

Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәт-те жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі индо – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған. Ал одан бергі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер бар.

Наурыз неге жыл басы?

ТМД Астрономия геодезия қоғамының толық мүшесі Ж.Сахиев:

«Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім – жылдың шартты түрде үш – үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр – көктем, маусым, шілде, тамыз – жаз, қыркүйек, қазан, қараша – күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Астрономия ғылымында бұл нақтылана түседі. Көктем наурыздың 22–інен, жаз маусымның 22–інен, күз қыркүйектің 23–інен, қыс желтоқсанның 23–інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді».

Бұл мейрам басқа халықтарға да тән бе?

Көне мейрам Наурызды әлемнің көп халықтары тойлаған, қазір де тойлайды. Сондықтан да оны ха-лықаралық мейрам деп те атауға болады. Наурыз мейрамын ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардугаш», буряттар «сагаян сара», соғдылықтар «наусарсыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп әрқилы атап, тойлаған.

Ал енді, Рим республикасында біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде Жаңа жыл наурыз айынан басталып, қазіргі күнтізбелерінде әлі күнге дейін сақталып отыр. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен март деп атаған.

Көнедегі Русьте де христиан діні қабылданғанға дейін Жаңа жылды бірінші март күні қарсы алу дәстүрі болған. Бұл күні Русь халқы мынандай әдет – ғұрыптар жасаған: 1. Құт құдайының құрметіне деп шырақтар жағып, оны шие ағаштарына ілген.

2. «Түрлі аурулар мен пәле – жаладан сақтайды» деген ырым, сенім бойынша дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ пен столдың нақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қойған.

Наурыз күні ертедегі грек патшасы алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісіне бір күн өз орнын берген. Байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан.
Осы дәстүрлер жөнінде кейінгі кезде басылым беттерінде жазылып та жүр.

Наурызды кім қалай тойлаған?

Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тә-різді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлағанын білеміз. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынандай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:
1.Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.

2.Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.

3.Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.

4.Ескі киімдерін тастаған.

5.Ескірген шыны аяқты сындырған.

6.Бір-біріне гүл сыйлаған.

7.Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою - «күн символын» салған.

8.Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.

9.Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.

10.Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.

Бұл дәстүрлерге түсінік Мұндағы бірқатар салт-дәстүрлер ежелгі Тәңірлік танымға сәйкес орын алған. Тәңірлік таным бойынша осындағы кейбір нәрселер төмендегідей таңбаларды танытады:

1. Садақ – Кеңістіктің, Ана тектің, Судың таңбасы. 2. Оқ – Уақыттың баламасы ретінде бүкіл Ғаламның, Ата тектің, Ағаштың таңбасы. Ежелгі қазақтардың тілінде Суды да Жай (оқ), Садақты да Жай деп атағаны мәлім. Осы таңбаларға байланысты Оғүз Қаған эпосында былай деп айтылады: «... Осы Ұлуқ Түрүк күндерде бір күн ұйқыда бір Алтын Жай көрді, тағы да Үш Күміс Оқ көрді. Бұл Алтын Жай күн шығар жерден күн батар жерге дейін тиіп тұр еді. Ал Үш Күміс Оқ солтүстікке қарай өтіп кетіп (атылып) бара жатыр еді». Оғүз Қаған эпосының, көне тілдер түсінігінің тарихын зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ескерткіштегі (эпостағы) күн шығар жерден күн батар жерге дейін созылған Алтын Жай – о баста жер бетін қаптаған Судың, солтүстікке қарай атылып бара жатқан Үш Күміс Оқ – о баста Судан жаратылған Жер, Тау және Бәйтеректің яғни, Ғалам өзегінің таңбасы. Олай болса, мейрамда садақ атып жарысу – Ғаламды бейнелеу.

Түркиядағы Наурыз Түркияның сол кездегі премьер – министрі Тансу Чиллер ханымның тікелей араласуымен, 1995 жылы республиканың ресми мей-рамдарының қатарына бай тарихы бар Наурыз мейрамы да қосылған-ды. Наурыз мейрамы туысқан Түркияның түкпір – түкпірінде «Сұлтан – й Наурыз», «Наурыздың тоғысы», «Наурыздағы мұз бұзылысы» және тағы да басқа атаулармен өткізіледі. Оңтүстік Анадолыда (Ғазиантеп) 22 Наурыз – «Сұлтан Наурыз» деп аталады. Жергілікті халықтың сенімі бойынша күн теңелетін түні белгісіз уақытта аяғындағы білезікті сыңғырлатып, кесте тоқи отырып, ғажап сұлу қыз батыстан шығысқа қарай аспанды кесіп өтеді. Кейбір аңыздарда құс киімін киген жігіт деп те айтылады. Сұлтан Наурыз уақытын көрген адамдардың тілегі қабыл болады деген сенім қалыптасқан.

Шығыс Анадолыда халық күн теңелген түні Он сегіз мың ғаламның барлық жанды, жансыздары Тәңірге сәжде етеді деп ойлайды. Осы күні табынушылардың бір жылдағы болашағы анықталады деп сенеді. Сондықтан да қаріп - қасірлерге, кембағалдарға жәрдем беріледі. 17 наурыз қарсаңында жасырылған тас арқылы үйдегі қай адамға бақ қонатыны анықталады. Қазақ жеріндегі Наурыз Жас Кеңес өкіметі Наурыз мейрамын халыққа қайта тарту еткенімен, ол 1926 жылы «діни мейрам» саналып, күрт тоқтатылды. Содан, ол халқымызға 1988 жылы әзер оралды. Қазақтардың ежелгі наным – сенімі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Қазақтар ұлыстың ұлы күнін жаны – тәні таза қалпында, жаңа киіммен, жақсы тілекпен қарсы алады. Адамдар бір-бірімен жылы жүзде амандасып, Наурыз бата береді, Наурыз көже ішеді, араздасып жүрген ағайынды татуластырып, мүсәпір, мүгедектерге жәрдем береді, ұлттық ойындар өткізіп, ән – жыр айтады, күй тартады (өнерпаздар), бітелген бұлақтардың көзін ашып, жерге тал отырғызады. Бұрындары қазақтар таңата биік төбенің басына шығып, жаңа күнді қарсы алған.

Мейрамды ұлықтағандар Көне заманнан бері Наурыз мейрамы, оның салт-дәстүрлері туралы өз еңбектерінде құнды деректерді жазып қалдырғандар, Ұлыстың Ұлы күніне ән-жыр арнағандар аз емес. Олардың ішінде Шығыстың данышпандары Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Әбунә-сір Фирдоуси, Әлішер Науай, Омар Һайямнан бастап қазақ халқының ғұламалары Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сәкен және тағы да басқалар Наурыз мейрамы туралы аса бағалы еңбектер, ғибратты сөздер, жақұт жырлар жазып кетті. Өйткені, Наурыз – Шығыс елі үшін ежелден-ақ ынтымақ – ырыс мейрамы. Бұл күні – араздасу, харамдыққа жол беру – ауыр күнә. Наурыз мейрамына байланысты атаулар:

Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы.

Наурыз бата

Өркенің өссін! Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!

Ұлыстың ұлы күнінде:

Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол! Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын солыңнан! Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

Наурыз қазаққа қалай қайтарылды?

Наурызды Қазақстанда тойлау тоқтатылғаннан кейін 62 жыл өткенінде Мұхтар Шаханов бұрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинге Наурызды халыққа қайтару жөнінде арнайы хат жазды. Және де оған мынандай талап қойды:
«У меня есть конкретные предложения. У казахского народа существуют свои традиции, свои праздники. Одним из таких праздников является «Наурыз».

Заимствование из фарси, это понятие постепенно стало символизировать приход весны, пору обновления жизни. «Наурыз» массово праздновался каждый год, начиная с 22 марта. В этот день выравнивается продолжительность дня и ночи. Мы, поколение послевоенной поры, стали едва ли не последними свидетелями этого торжества. Помню, как мы в детстве вместе со взрослыми встречали это красочное зрелище. Пеклись пироги. Лакомства, различные блюда из проса, пшеницы. Это было выставкой народной кухни. Мужчины с лопатами, кетменями выходили чистить арыки, сажали деревья. Одним словом, был подлинный праздник труда, к которому никто не оставался равнодушным. Думается, что эту добрую традицию необходи-мо возродить как народный праздник, который стал бы таким же, массовым, красочным, жизнерадостным, как праздник «Русская зима», «Сабантуй в Поволжье». Осы хаттан кейін Нау-рыз мейрамы қазаққа қай-та оралды. Ұлылар Наурыз мейрамы туралы Абай:

«Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «ұлыстың ұлы күні» дейді екен».

Мақтымқұлы:
... Жеткен кезде Наурызымыз жапан біткен жаңғырар, Тұман орап тау басын, аспан үрпі салбырар. Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бір, Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар. Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар, Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар.

Ахмет Байтұрсынов:

«Наурыз – қазақша жыл басы. Біздің Жаңа жылымыз – Наурыз марттың басындағы болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынамен Жаңа жыл деп айтуға лайық».

Міржақып Дулатов:

«Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі».

Мағжан Жұмабаев: «Қазақ Жаңа жылы – жазғытұрғы күн мен түннің теңелген күні (22 март) болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ Жаңа жылы ғылым қойнына да басып кіріп қалады. Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді. Наурыз әулиенің, әнбиенің аты болмаса керек. Сондықтан, қазақтың Наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамды тұрмыспен, ғылым-мен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл, адамдармен ... ұйымдастыратын мейрам ету керек.

Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Азияда Жаңа жыл-жазғытұрым, қазақ елінде – наурыздың жиырма екісі. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам жасайды»

Бата бере аласыз ба, ата?

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ жасы үлкен, елге сыйлы, аузы дуалы ақсақалдарымыз «Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деп батаға ерекше мән беріп, рухани байлық ретінде жоғары бағалаған.

Сүйінбай, Қарасай, Кенен ата, Б.Момышұлы, Жамбыл ата т.б. аталарымыздың баталарын оқығанда, сусыны қанбаған баладай, шөліркей тамсанып қаласың.

Мәселен:

Не тілесең тілегің,
Қабыл болып орнасын.
Періштелер «Әумин» деп,
Жалғыз Аллаһ қолдасын.

Әумин!

Ал қазіргі жағдай тым басқа секілді. Кімді кінәларыңды білмейсің, заман ба, не адамдардың ниеті ме? Өз басым бүгінгі, бүкіл қарияларды кінәлаудан аулақпын, дегенмен екі сөздің басын қоса алмай, бата емес тілек айтып тұрып, ақыр аяғы «ал сол үшін ап қояйық» дегенді қыстыра кететін қариялар қайдан шықты? Ес білген кезден балаға бата үйретсе, өсе келе санасына құйып алған бала қартайғанша оны өзіне азық етері сөзсіз. Кейде тіпті ойлайсың, «орысша айтқанда современный» аталарымыз көбейіп кетті ме өзі?!», – деп.

Көзбен көріп, көңілмен сезген соң, мұндайда айтпай қоюды жөн санамайсың, жасы 40-тан  асқан ағаларымыз, одан қала берді қарияларымыз бата беруден жұрдай. Айтса айтты деп өзіңе кінә тағады. Бірақ, шындықтың кілті осы ғой. 2-3 отырыста қарияларға қарнымның ашқаны бар. Ақ дастарханда отырмыз, ішіп-жеген тамағымызға ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтпай біз қазақ тұрмайды ғой, әлгі үйдегілердің ішіндегі жасы үлкен деп сыйлап 40-тан асқан ағаға бата беруін өтіндік. Өзі қазақ, аты қазақ ағам жұбайына көзінің қиығымен қарап алды да, «сен берші», – деп ишара білдірді. Жұбайы да мықты екен, дымын білдірмей батаны берді-ау. Ерлер отырғанда әйелдің  бата беруі жараспайтын қылық

«Қазақстан» телеарнасында болатын «Аламан айтыс» көпшілігіміздің есімізде шығар. Сонда басына бөрік, үстінде шапаны бар қаншама ақсақалдарымыз шығатын.  Ал ата батаңызды  беріңізші, дегенде, қағазына қарағыштап, терлеп-тепшіп бірінші сынып оқушысы секілді әрең оқып  «уһ» деп отыра кетуші еді. Амал жоқ, онысына рахметтерін жаудырып  айтысты бастайтын. Мұндай жайттарды айта берсек таусыла қоймас.

Қысқасы, ақ тілеудің белгісі – бата. Ал ол бата – бет алды айтыла бермейтін үлкен рухани ұғым. Ең жақсысын қазақ «ақ бата» деп қадірлеп, қастерлейді. Ал «ақ бата» –  ұлтымыз, еліміз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ақ бата – шын жүректен шыққан сөз, ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани азық. Ал құдіретті сөзді қастерлеп, сүттей ұйып, ісінің оңға басуын тілеп, оған шексіз иланған. Солардың ең абзалы  Аллаһ тағаланың атымен бастағалғаны. Қазақтың батасы өзімізге белгілі, көбінесе өлең түрінде өрілген ғой: «Уа, Құдайым оңдасын, желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, тілегімді қабыл ет», «Уа, Құдайым берсін, айтқаным келсін» т.б. деген сөздермен басталады.

Сондықтан да  батаның тәрбиелік мәні зор. Бата адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ол қысылғанға қуат, қиналғанға медет берсе, қиын жағдайға тап болғанда демеу  іспетті.

«Батасыз тілектің мәні жоқ, тілексіз өмірдің сәні жоқ» демекші, ақ ниетпен, шын жүректен айтқан баталарымызды Аллаһ тағала қабыл етсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат «Наурызга бата беру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған Мельман Маргарита

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011

Категория: Классные часы | Просмотров: 4559 | Добавил: Venera | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: